сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 35 18.12.2023 9:53

Еліміздің үш қаласында ауа райы қандай болады?

18 желтоқсан күні еліміздің 3 қаласында ауа райы құбылмалы, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Синоптиктердің болжауынша, Алматы қаласында күн ала бұлтты болмақ. Ауа температурасы күндіз 2 градусқа дейін көтерілсе, түнде -7 градусқа дейін түседі.

Ал елордада қар болады. Күндіз ауа температурасы -7 градусқа дейін түсіп, түнде -13 градусқа дейін төмендейді.

Шымкентте күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 6 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін түседі.