сейсенбі, 2 шілде 2024
Саясат 25 19.12.2023 19:40

Премьерден қай облыстың басшылары сөгіс алды?

Премьер-министр Үкімет отырысында бірнеше облыс басшысына сөгіс жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz  ақпараттық порталы.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов стихиялық қоқыс үйінділері мен қалдықтарды реттеу инфрақұрылымын дамыту аса өткір тұрған мәселелердің бірі екенін айтты.

Біз бұл мәселені биыл қыркүйек айында Үкімет отырысында қарадық. Бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде стихиялық қоқыстардың санын 2 есеге қысқарту мәселесін көтердік. Жалпы, өңірлерде тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Алайда, Ұлытау, Алматы және Маңғыстау облыстары ең төмен нәтиже көрсетіп отыр. Аталған өңір әкімдеріне осы салаға жетекшілік жасайтын орынбасарларына қатаң сөгіс жариялауды тапсырамын, – деді Әлихан Смайылов.