сенбі, 27 шілде 2024
Саясат 37 25.12.2023 12:0

“Ең жас депутат” саналған Мәди Ахметов қандай қызметке тағайындалды?

Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мәди Ахметов бұл қызметке дейін Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы болды. Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметтерін де атқарған.

Мәди Ахметов парламент мәжілісінің депутаты ең жас депутаты болған.