Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығармақ
Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеп.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров мұндай шешімнің неліктен қабылданғанын түсіндірген.
Ол Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі ревизия жүргізіп отыратынын атап өтті.
"Аталған үдеріс аясында БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, "Талибан қозғалысын" тізімнен шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді", - деп түсіндірді министрлік өкілі.