сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 78 29.12.2023 13:37

Бұрынғы полиция бастығына іздеу жарияланды

Қарағанды облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Күлкеевке іздеу жарияланған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Экс-бастықты іздеу туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.

Ресми деректерге сәйкес, Рустам Күлкеев 2023 жылдың 1 желтоқсанында, яғни 28 күн бұрын іздеу жарияланған.

Бұған дейін Күлекеев тергеуден қашып кеткен болатын.

 "Қарағанды облысы прокуратурасының келісімі бойынша бұрын теріс себептермен жұмыстан шығарылған полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Күлкеев пен осы бөлімшенің тергеушісі Қанатов осы қылмыстық іс бойынша күдікті статусына ие. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Күлкеевтің орналасқан жері анықталып жатыр. Келмеген жағдайда ол іздестіріледі", - деп хабарлаған еді Қарағанды облысы ПД бастығы Санжар Әділов.