сейсенбі, 8 қазан 2024
Жаңалықтар 66 29.12.2023 17:22

Өзбекстанда өз баласын азаптап өлтірген ер адам жауапкершілікке тартылды

Өзбекстанда сәбиін азаптап өлтірген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы kaskelen.kz-ке сілтеп.

Өзбекстанның Жизақ облысында сәбиін азаптап, өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Баланың анасы ішкі істер органдарына арызданған. 20 желтоқсан күні ӨР Қылмыстық кодекстің 110-бабы (Азаптау), 112-бабы (Кісі өлтіру немесе күш қолдану арқылы қорқыту) және басқа да баптары бойынша ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.