сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 7 30.12.2023 10:47

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Мереке қарсаңында еліміздің тәртіп сақшылары  күшейтілген жұмыс режиміне ауысты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Елімізде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жеке құрамға еліміздің барлық өңірінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылған.
 

"Бүгіннен бастап ерекше бұйрыққа дейін біз қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына көшеміз. Құқықтық тәртіп мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жаяу нарядтардың санын көбейтуді, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтауды, құқық бұзушылықтардың жолын кесуді, мүлдем төзбеушілік пен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырамын. Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек, – деді Ержан Саденов.