8 жасар қызды зорлаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты
Алматыда 8 жасар қызды зорлаған азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.
Алматы облысында 8 жасар қызға азғындық жасап зорлады деп айыпталған 44 жастағы азаматқа қатысты сот шешімі шыққан. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді 20 жылға бас бостандағынан айыру туралы үкім шығарып отыр.
Қылмыскер деп танылған азаматтың ауылдастары оның ауылдан көшіп кетуін талап етуде.