сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 25 30.12.2023 15:46

Астанада бір топ жолаушы ауа райының салдарынан рейсты күтіп қалды

Ауа райының нашарлауына байланысты Астана халықаралық әуежайында 500-ден астам жолаушы рейсін күтіп қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әуежайдың ресми телеграм арнасында:

 "Астана халықаралық әуежайы атынан жолаушыларға ыстық сусын мен ыстық тамақ таратылады. Қолайсыз ауа-райында әуежай қызметіне қолдау көрсетіп жатқан жолаушыларға алғысымызды білдіреміз", - деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.