бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 6 23.12.2022 17:22

Жолаушыға қатты сөйлеген бортсерік желі жұлдызына айналды

Фото: bugin.kz

Үндістанның IndiGo әуекомпаниясының стюардессасы жолаушымен жанжалдасып, ер адамның экипаж мүшелерімен дөрекі сөйлескенін ескертті, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Ыстамбұл - Дели рейсінде ұшақ бортында болған. Жолаушылардың бірі стюардессалардың бірінен бутерброд сұраған, алайда оған қосымша тамақтану қарастырылмағаны айтылған. Осыған ашуланған жолаушы экипаж мүшелеріне айғайлай бастаған. Сондай-ақ, ол бортсеріктердің бірін жылауға дейін апарған.

Осы кезде көмекке тағы бір бортсерік келіп, ер адамды тыныштандырмақ болған. Алайда ер адам екінші стюардессаға да ауызын жабуды дөрекі түрде сұраған. Қыз эмоцияға ерік беріп, жолаушыны сабырға шақырды.

"Өзің ауызыңды жап! Мен сенің құлың емеспін! Сіздің менімен былай сөйлесуге құқыңыз жоқ. Мен сізді толық тыңдадым, ал сіз мені де, менің әріптестерімді де адам құрлы көрмей тұрсыз", - деді жолаушының сөзін бөліп.

Бұл жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, IndiGo қызметкері әп-сәтте жұлдызға айналды.