сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 11 31.12.2023 15:7

Санжар Ташкенбай әскерге аттанды

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі, боксы Санжар Ташкенбай әскерге аттанды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Ташкенбай Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

Ұлттық ұланда 5571 әскери бөлімінің парад алаңында барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан әскери борышын өтеуге келген 700-ге жуық жас сарбаздың салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Сарбаздар қатарында чемпион Санжар Ташкенбай да бар.

«Әскер – жас жігітке көп нәрсе беретін нағыз өмір мектебі. Мен үшін, боксшы ретінде бұл өте маңызды. Ұлттық ұлан қатарына шақырылғанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет атқарып, әскери бөлімнің туын жоғары ұстаймын», - деді қатардағы жауынгер Ташкенбай.