Дания патшайымы жаңа жылда өз еркімен биліктен бас тартты
Дания патшайымының тақтан бас тартқаны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.
II Маргрете жаңажылдық құттықтауында билікті ұлына беретінін жариялады. Тақ мұрагері Фредерик патша болады.
"Мен тақты ұлыма, мұрагер ханзада Фредерикке қалдырамын", - деді .
Тақтан бас тартқан 83 жастағы II Маргрете - Дания тарихындағы ең ұзақ басқарған монарх, ол 1952 жылы әкесі IX Фредерик король қайтыс болғаннан кейін таққа отырған.
55 жасында таққа жеткен Фредерикке ресми таққа отыру рәсімі өтпейді. Тек сол күні сарай оның таққа отырғанын жариялайды.