Жамбыл ауылының тұрғындары ауа райының салдарынан дүкенге бара алмай қалды
Қостанайда ауыл тұрғындары дүкенге жете алмай отыр, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеп.
Жамбыл ауылының тұрғындары жол мәселесімен қиналған. Тұрғындардың сөзінше, көктемде карьерден сары топырақ таситын жүк көліктері жүріп, жолды бұзып тастаған.
"Жазда осылай айтқан, бірақ содан бері ештеңе істелген жоқ. Біз де Жаңа жылда балаларға сыйлық, үстелге қоятын азық-түлік алғымыз келеді ғой. 30 желтоқсанда Новотроицкке жету үшін жарты күн жүрдік, қашықтық 30 шақырым ғана. Жолды қар басып қалған, тракторыммен жол ашпақ болдым. Соңында трактордың күрегін сындырып алдым. Біз дүкенге жеткенше ол жерде азық-түлік те қалмапты. Тіпті нан да ала алмадым. Аудан әкімі хабарластық, арыз жаздық, әлі күнге дейін құрғақ уәде беріп келеді", – деді тұрғын Жамбыл Сейіткин.