сенбі, 18 мамыр 2024
Жаңалықтар 25 01.01.2024 12:2

Түркияда үш жер сілкінісі тіркелді

Түркияда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккяри провинциясында 31 желтоқсанда үш жер сілкінісі тіркелді.

Провинцияда алғашқы жер сілкінісі 4,4 баллды құраған. Ал кейінгісі 3,5 балл, 4,5 балдық екі жер сілкінісі болған.

Бірден болған жер сілкінісінен провинция тұрғындарына үйінен шығуға тура келген.
 

 "Хаккяридің кейбір тұрғындары жанармай құю станцияларында, Даггель мен Берчелан аудандарында және басқа да көптеген аудандарда жанармай алу үшін кезекте тұрған, біраз бөлігі көшеде от жағу арқылы жылынуға тырысқан", - делінген хабарламада.