сенбі, 27 шілде 2024
Денсаулық 20 01.01.2024 15:15

Жаңа жылда қанша бала өмірге келгені белгілі болды

Жаңа жыл қарсаңында 191 сәби өмірге келді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жаңа жылда 101 ұл бала, 90 қыз дүниеге келді. Өмірге келген нәрестелердің ең көбі Түркістан облысында тіркелген. 38 бала Түркістан облысының азаматы атанбақ. Ал  екінші орында - Шымкент қаласы. Үшінші мегаполисте 23 бала дүниеге келді және Алматыда 22 отбасында нәрестелер өмірге келді.