сенбі, 27 шілде 2024
Жаңалықтар 8 01.01.2024 14:34

Атырауда отшашудан кейін ғимарат жанынан өрт шықты

Жаңа жыл қарсаңында Атыраудағы ғимараттың жанынан өрт шықты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Отшашудың ұшқынынан туған өрттің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

Қызыл жалын тұтанған жерге өрт сөндірушілер де келіп жеткен. Олар тұрғындарды эвакуациялап, ғимаратты қоршауға алған.

"Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отшашу себеп болған", - деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев