сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 48 01.01.2024 18:37

Ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілуде

2 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында "Астана-Петропавловск" 18-234 км, Астана қаласы - Щучинск қаласы - 216 км автожолдарында көліктің барлық түріне шектеу енгізілген.

Ал Жетісу облысында бір учаскеде көліктің барлық түріне шектеу енгізілген. Яғни, "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма станциясы - Достық станциясы - 100 км.