сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 23 02.01.2024 10:49

Еліміздің бірнеше қаласында тұманды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2 қаңтар күні Абай, Ақмола облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Жамбыл облысында жел күтіледі. Астана қаласында 2 қантарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Көкшетау қаласында 2 қантарда бұрқасын күтіледі.

Тараз қаласында 3-4 қаңтарда қалың тұман күтіледі. 

2 қаңтарда Түркістан облысы, Атырау облысы, Атырау қаласында тұман күтіледі. 

Жезқазған қаласында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. 

Петропавл, Семей қалаларында 2 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі.  

Өскемен қаласында 2 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында 2 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Маңғыстау облысында тұман күтіледі. Ақтау қаласында 2 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. 

2 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі.