сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 26 02.01.2024 10:59

Шымбұлаққа келгендер толассыз кезекте тұрып қалды

Шымбұлаққа демалуға келгендер ұзын кезек күтуде, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желіде кезекте тұрған халықтың видеосы желдей есті. Курорт өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына мәлімдеме жасады.

1 қаңтарда Шымбұлақ тау шаңғы курортына демалуға келген адамдар толассыз кезекте тұр.

"Демалыс күндері Шымбұлақта осындай жағдай болды", - деп жазылған.

Шымбұлақ курортының өкілдері ресми Instagram парақшасында жазба жариялап, курорттың жұмыс уақытына байланысты хабарлама жасады.

"Құрметті қонақтар, түскі уақытта көлік қозғалысы көбейетіндіктен курортқа алдын ала келулеріңізді сұраймыз. Арқан жолына отыру үшін кезек күтілуде. Сағат 15:00-18:00 аралығында қонақтар ағыны көбейеді", - делінген ресми хабарламада.