сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 16 02.01.2024 12:16

Атырауда жасөспірім мұз ойығынан суға түсіп кеткен

Атырауда жасөспірім мұз ойығына құлап кеткен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Атырау қаласында орталыққа жақын Жайық жағалауында қыз бала ойылған мұздан суға түсіп кеткені айтылған.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Муратов, Құрманғазы Мерей және әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Ғабитов оқиға орнына дереу жеткен.

 

“Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды”, – делінген полиция таратқан ақпаратта.