сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 10 02.01.2024 13:29

Ауа райына байланысты жолдар жабылуда

Республикалық маңызы бар бірнеше автожолдар жабылуда, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ауа-райының нашарлауына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

Ал «Астана-Теміртау» автожолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін. Хабарламада:

"Осыған байланысты құрметті, республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, ауа-райы жайлы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, сонымен қатар көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз! Сондай-ақ, жол қызметкерлері жолды қардан тазалап, жол жиектерін қалыпқа келтіріп, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз! – делінген хабарламада.