сейсенбі, 8 қазан 2024
Жаңалықтар 25 02.01.2024 16:21

Мемлекеттік жәрдемақы қаншаға өседі?

Жаңа жылдан бастап біршама мемлекеттік жәрдемақы өседі, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2024 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшерін 7%-ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға арттыру жоспарлануда.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 130 414 теңгені құрайтын болады.

2024 жылғы 1 қаңтарынан базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-нан 65%-ына дейін артпақ. Ол 28 215 теңге болады.

Осы жылдан бастап 1, 2, 3 баланың дүниеге келуіне берілетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала тууына берілетін жәрдемақы – 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін ұлғаяды.