сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 34 02.01.2024 16:43

Қарағандыда жеті көлік соқтығысты

Қарағанды ​​облысындa жеті көлік соқтығысты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында жеті автокөлік апатқа ұшырады.

“Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан”, – дейді Қарағанды облысы полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.