сенбі, 27 шілде 2024
Жаңалықтар 56 02.01.2024 17:45

Токиода ұшақ толығымен өртеніп кетті

Токиода ұшақ өртеніп кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2 қаңтарда Токиодағы Ханеда әуежайында ұшақ өртке оранды.

Japan Airlines (JAL) әуе компаниясының Airbus A350 ұшағы толық жанып кеткен. 

Жолаушылар ұшағы Жапонияның жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқаны анықталды. Reuters агенттігінің мәліметінше, жағалау күзетінің ұшағы жер сілкінісінен зардап шеккен Исикава префектурасына көмек апара жатқан.

Жолаушылар ұшағының бортында болған 379 адам аман. Ал соқтығысқан жағалау қызметінің ұшағындағы алты адамның біреуі ғана аман, қалған бесеуін іздестіріп жатыр.