Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды қалай қарсы алғанын айтты
Продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды қалай қарсы алғанын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.
Гүлзира Айдарбекова жаңа жылды кіші ұлымен қарсы алған. Ал үлкен ұлы Қайрат пен Жұлдыздың балалары Катарда демалып жатқанын айтады.
“Жаңа-жылдың отбасылық мерекесінде, жанұямыз түгел жанымызда болмаса да сымсыз телефонның құдіретімен арамыз еш алыстаған жоқ, көз алдымызда видеоқоңырау арқылы, сөйлесіп мәз болып отырдық. Қазіргі жастар не деген бақытты, дамыған заманда өмір сүріп жатқан. Ата-анамыздың көзі тірі кезінде, алыста жүрген біздерден сарғая, сағына тек хат күтуші ед, 1-2 аптада амандығы жазылған хат та жетіп қалар деп.Зуылдап өтіп жатқан заман-ай! Баршаңыздың отбасыңызда ауызбіршілік, татулық орын алсын! Абысын тату болса, бауырлар ажырамайды, жақындай түседі, өнеге алған ұрпағы бірін-бірін бауырым деп таниды. Алла саналы, адал келін бұйыртсын әрбір шаңырақтың шамшырағы боларлық. Анау кінәлі, мынау кінәлі деп өсек іздегенше, әр адам өз қатесін түзесе деймін. Барыңызда бағалаңыз! Өмір-өзен!”, – деп жазды продюсер.