сенбі, 27 шілде 2024
Жаңалықтар 617 03.01.2024 10:18

Ұзату көйлегі үшін сөзге қалған қалыңдық желіде жазба жариялады

Әлеуметтік желіде Керім-Сұлудың ұзатылу тойы қызу талқыланды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Әнші Жазира Байырбекованың әнімен ұзатылған Керім-Сұлу Найманбаева әлеуметтік желіні шулатқан видеосына пікір айтқандарға жауап берді.

"Менің ұзату тойым қоғамның назарын аударады деп ойламадым. Мен жұрт айтқандай эскортница емеспін, ішпеймін, шекпеймін. Бұрын тұрмыста болмағам. Ешқашан жаман тірлік жасамағанмын. Мұның бәрін мені мақтасын деп емес, мен туралы қауесетті таратпасын деп айтып отырмын. Құдайға шүкір, толыққанды отбасынан шыққанмын. Көзім ашық, көкірегім ояу, тәрбие көргенмін. Қазақпын, қазақша сөйлеймін. Тойымда Жазира Байырбекованың ұзатқанын өзім қаладым. Ұлттық киімді ұзату тойымда кигім келмеді, шынымды айтайын. Сәукеле киер едім, тек келбетіме жараспады, содан кимедім",-деді қалыңдық.