Гүлнұр Мамасарипова көңіліне тигендерге жазба жариялады
Продюсер Гүлнұр Мамасарипова өткен жылды қорытындылады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.
Продюсер инстаграм парақшасындағы жазбасында негатив пікір жазғандарды бұғаттайтынын айтты.
“Бір қорытынды пост жазбасам болмас. Өтіп бара жатқан жыл мен үшін қаншалықты жеңісті, жемісті болса, соғұрлым "әттегенайы" көп жыл болды. Кейбір актерлерім басыма мініп, секіріп, абьюзерлік іс-әрекет жасаған жыл болды. “Киношный насилиеге” ұшырадым ал. Бопсалау мен терроризмнің құрбаны болдым. Бірақ мен әр қазақ әйелі сияқты дымымды шығармай шыдадым. Алдағы жылы мен көп вирустарға вакцина салдыртып алдым, имунитет қалыптастырдым, шүкір! Мені көре алмайтын, ақшамды санайтын, біздің арқамызда деп сыртымнан пышылдайтындарға да ризамын. Я вас проработала, кармаларың өздеріңмен кетсін! Обшым год был интересным, но все самое интересное впереди! Жаңа жылда жаман коммент жазғандар оңбайды екен. "Осы сіз-ақ анау-мынау деп өкпелеп жүреді екенсіз" дейтін хейтерлер, блокқа кетесіңдер”. Менің де айтуға құқым бар! Мен де ет пен сүйектен жаралғам! Менің де жүрегім бар! Канце канцов мен де әйелмін пашамайт! Айтқым келеді бәрін!” – деп жазды продюсер.