сенбі, 29 маусым 2024
Денсаулық 68 03.01.2024 15:37

Жасөспірімдер арасында дау шығып, соңы өліммен аяқталды

Ақтөбе де топтық төбелестің соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ақтөбе жанындағы Қызылжар ауылында орналасқан "Алмаз" дүкенінің маңында топтық төбелес болған. Оқиға орнына жеткен тергеу тобы мен облыстық прокуратура басшылығы жасөспірімдердің төбелескенін анықтаған.

"Ақтөбеде полицейлер өліммен аяқталған ұрысқа қатысқандарды анықтап, 6 адамды ұстады. Ақтөбеде төбелес болып, оның төрт қатысушысы медициналық мекемеге пышақ жарақатымен түсті. Біраз уақыттан кейін 2006 жылы туған екі жігіт реанимация бөлімінде жан тапсырды", – деп хабарлады полиция департаментінің өкілдері. 

Анықтау бойынша 2 қаңтар күні Instagram әлеуметтік желісінде кәмелетке толмаған А. мен В. арасында жанжал шығып, нәтижесінде кәмелетке толмаған В. А.-ны келесі күні "Алмаз" дүкенінің маңына кездесуге шақырған.

Жасөспірімдер арасындағы жанжалдан 2 бала мертікті.