сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 15 03.01.2024 16:48

Ер адам боранды күні адасып, 10 сағат бойы аязда қалған

Ұлытау облысында ер адам боранды күні адасып кеткен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Боранда ауылға барар жолды таппай, 10 сағат адасып жүрген ер адам құтқарылды.

Азамат Сейфуллин ауылының тұрғыны. 43 жастағы ер адам күзетші болып жұмыс істейді. Сағат 17.00-де ол өзінің ауылына жаяу шығып, қыздарын жаңа жыл мерекесімен мүмкіндігінше тезірек құттықтағысы келген. Түстен кейін боран басталып, аяз күшейе түскен. Ер адам ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен.

Ер адам құтқарылды.