сенбі, 27 шілде 2024
Жаңалықтар 23 03.01.2024 17:44

Астанада ер адам сүйіктісінің алтынын ұрлап кеткен

Қыздың үйіне қонаққа келген ер адам үйін тонап кетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ер адам қыздың алтындарын қолды қылған.

Полицияға 45 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, пәтерінен жалпы құны 230 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарының болмағанын айтқан.

Ақпарат бойынша "ұрлады" деген күдікті қыздың сеніміне кіріп, ата-анасы жоқ кезде ол пәтерге келген. Ол қыздың ұйықтап қалғанын пайдаланып, қораптағы әшекей бұйымдарды ұрлап алып кеткен.

Ер адам ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып үлгерген. Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.