Ақын Серікзат Дүйсенғазыұлы қайтыс болған ұлын жоқтамайтынын айтты
Ақын Серікзат Дүйсенғазыұлы ұлына арнап, жоқтау айтпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.
Сазгер “Құрмет” орденінің иегері Серікзат Дүйсенғазыұлы қайтыс болған ұлы Әлиханның жылдық асын берді.
“Алла жазса, Әлиханымның жылдық асын береміз. Соңғы ресми жиыны ғой. Бүгін дүниеден өткен күні еді. Бір жыл қазақтың дәстүрімен құлынымды жоқтадым. Сол күні Елікті таудың басында жылап тұрып жазған өлеңімді сіздермен бөлісіп отырмын. Бұдан кейін жоқтау өлең салмаймын. Өйткені енді оның екінші рухани өмірі басталды. Кеудемде жаным барда балапанымның атын өшірмеймін. Тек балам туралы жақсы жаңалықтар жазамын деп шештім. Мына видеода Әлихан марқұмның таудан соңғы сырғанап түскенде түсірілген бейнесі еді. Жаның жәннатта болсын, жарығым!