сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 10 04.01.2024 11:37

Оралда дәмхана жарылып, қайтыс болғандар бар

Оралда газ жарылып, дәмхана опырылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Оралда газ жарылуы салдарынан опырылып құлаған дәмхананың қирандыларының астынан екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылған. 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.

"Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда", – деп жазылған хабарламалда.