сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 6 04.01.2024 10:41

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде қаражат жымқыры фактісі анықталды

Алматыда жоғары оқу орнын тексеруде қаражат жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Алматы қаласының прокуратурасы университетті тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 51 млн теңге жымқырылған. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.