сейсенбі, 8 қазан 2024
Жаңалықтар 33 04.01.2024 12:51

Баян Мақсатқызы өмірге келмеген баласы туралы айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы алғашқы жүктілігі туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Актриса, продюсер Баян Алагөзова “Мамский әңгіме”подкастында қайтыс болған баласы туралы айтты. 

“Тұрмысқа 19 жасымда шықтым. 20 жасымда жүкті болдым. Үш рет құрсақ көтердім. Айсәуленің алдында бір бала шетінеп кетті. Айсәуле – екінші перзентім. Тұңғыш баламның жүрегі отыз алты аптаға жақындағанда тоқтап қалды. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде өте жас болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім. Дәрігерлер мені дайындады”,– деп еске алады ол сол күндерді.