Қазақстанда өндірілетін металл “мемлекеттік құпия” екені айтылды
Қазақстанда өндірілетін ең қымбат металл анықталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.
Әлемдегі ең қымбат металл саналатын осмий-187 тек Қазақстанда өндіріледі. Алайда құнды металл – мемлекеттік құпия болып саналады екен. Агенттіктің ақпаратынша, осмий табиғатта 7 изотоп түрінде кездеседі.
7 изотоптың ішінде осмий-187 тек біздің елде өндіріледі. Осмийдің 1 грамы 10 мың доллардан 200 мың долларға дейін бағаланады.
"Қазақстанның 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 12-бабы 10-тармағына сәйкес металлургия өнеркәсібінің сирек кездесетін металдарды немесе стратегиялық маңызы бар басқа да материалдарды, оның ішінде осмий өндіру туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға жатқызылады", - дейді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері "ҚазАқпарат" тілшісіне берген жауабында.