сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 60 04.01.2024 15:25

Автобус 10 көлікке соқтығысты

Таразда маршруттық автобус 10 көлікті соқты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 10 автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан бір адам зардап шеккен.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша сағат 10.45 шамасында Таразда №56 бағытында келе жатқан автобус жол-көлік оқиғасына ұшырап, кедергі келтірген. Нақтырақ Төле би даңғылында 33 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Онда ол тұрақта тұрған он көлікті соққан.

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.