сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 15 04.01.2024 16:30

Риддерде жоғалған азамат бір жарым айдан бері табылмай жатыр

Шығыс Қазақстанда 24 жастағы тұрғын табылмай жатыр, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Риддер қаласының тұрғыны Илья Колобуховты іздеу жұмыстары бір жарым айдан асты. Жігіт өткен жылдың 21 қарашасында жоғалған.

1999 жылы туған Колобухов Илья Игоревич із-түссіз жоғалып кетті. Оны соңғы рет 2023 жылдың 21 қарашасында RidderHutte спорт базасында көрген. Үстінде ақ қалпақ, көк күрте, сұр шалбар және қою көк кроссовка болған. Белгілері бойынша: бойы 170-180 сантиметр, қоңыр көзді, аққұба. ШҚО ПД іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

 "Бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазіргі уақытта еріктілермен бірге із-түзсіз жоғалған азаматтың мекенжайын анықтауға бағытталған іздестіру шаралары жүргізілуде. Ол туралы білетіндер болса, 102 арнасына хабарласуын сұраймыз", - деп хабарлады ведомстводан.