Көп балалы ана өз-өзіне қол салды
Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.
Жаға ұстатарлық қайғылы оқиға 3 қаңтар күні болды.
35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсан күні кешке құрбысы ауруханаға жеткізген. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлады.
“Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің он қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын мойындады”, – делінген мәліметте.
Жетісу облыстық полиция департаменті істің бақылауда екенін айтады.
“Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деді полиция.