сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 63 05.01.2024 10:22

Тағы бір сарбаз әскерде көз жұмды

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2023 жылдың қыркүйек айында әскерге шақырылған азамат қайтыс болды. Әмір Байтұрғанов спортты жанына серік еткен мықты жігіт болған екен. 2023 жылдың 21 желтоқсанында оның отбасына ұлдарының комаға түсіп қалғаны айтылған. Ал сағат 6:20-да жас жігіт қайтыс болған.

Қорғаныс министрлігі Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ільясов сарбаздың өліміне жіті инфекциялық менингит себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Әмірдің дене қызуы қатты көтерілген болып шықты.

Бірақ сарбаздың ата-анасы бұл диагнозға күмәнмен қарайды. Өйткені Әмірдің ұзақ уақыт бойы бүйрегі ауыратынын айтқан.

Ал министрлік баланың бүйрек ауруынан өлім құшуын жоққа шығарып отыр.