сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 148 05.01.2024 11:23

Аудан әкімінің орынбасары ірі көлемде парамен ұсталды

Алматыда аудан әкімінің орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыда аудан әкімінің орынбасарын ұстады.

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. 

Ақпарат бойынша қомақты сома мемлекеттік сатып алуларға көмек көрсетуге, орындалған жұмыстардың актісіне қол қоюға және жалпы қамқорлық жасау үшін берілген.