сенбі, 29 маусым 2024
Жаңалықтар 10 05.01.2024 14:13

Тұздыбастау ауылының тұрғындары сусыз қалды

Тұздыбастау ауылының тұрғындары сусыз қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

2024 жылы 3 қаңтар күні Талғар МҚК диспечерлік қызметіне құбыр жарылғаны туралы ақпарат түскен. 

Әлеуметтік желіде құбырдың жарылғанынан Тұздыбастау ауылының сусыз қалғаны айтылуда.

Ауыл тұрғындары сусыз қалғандарына аудан әкімдігін кінәлауда.

“Оқиға орнына барған “Талғар су” мемлекеттік кәсіпорнының бригадасы тексеру барысында Тұздыбастау ауылының Ақан сері көшесіндегі жеке тұрғын үйдің астынан су құбыры жарылғанын анықтады. 1968 жылы салынған темір құбырлардың 90%-дан астамы тозған. Салдарынан су құбыры үш жерден жарылған. Үйді су басып кету қауіпі болғандықтан суды уақытша өшіруге тура келді”, – деп мәлімдеді “Талғар су” МҚК өкілдері.