сенбі, 27 шілде 2024
Жаңалықтар 35 05.01.2024 15:46

Өмірқұл Айниязов құнды сыйлық алды

Өмірқұл Айниязов жыл басында ұлды болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Ұлды болған әншіге інісі құны 1 млн теңге тұратын қамшыны тарту еткен. Өмірқұл Айниязов аса бағалы сыйлық алғаны жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Өмірге атұстар келіп жатыр екен. Қазақта қамшының орны әрқашан бөлек. Бұл биліктің, күштің, рухтың символы. Соған орай алтын қамшымызды сізге ұсынсақ деп отырмыз. Ұлыңыз болашақта алты алаңтың басын қосатын азамат болсын деген ниетпен сыйлап жатырмыз. Алтынмен, күміспен қапталған. Өрімдеріндегі оюлар қолмен жасалған", - деді Біләл есімді інісі.