сенбі, 27 шілде 2024
Жаңалықтар 66 05.01.2024 17:42

Астанада адам ұрлағандар ұсталды

Елордада адам ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Алаяқтардан құралған топ ұсталды.

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі. Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген»,—делінген хабарламада.

Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.