сенбі, 27 шілде 2024
Жаңалықтар 37 05.01.2024 18:35

Петропавлда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Петропавлда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Петропавл қаласы полиция басқармасы күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

 28 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталуда. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша тіркелді.