бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 7 26.12.2022 17:39

Парижде наразылық болды

YouTube

Францияда күрдтерге шабуыл жасалғаннан кейін Париж орталығында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды, деп хабарлайды teznews.kz порталы ВВС арнасына сілтеме жасап.

Жұма күні Күрд мәдени орталығы, сондай-ақ ұлттық тағамдары бар мейрамхана орналасқан ғимараттың жанында бір әйел мен екі ер адам қаза тапты.  Үшеуі де – күрдтер. Сонымен қатар, төрт адам жарақат алды, оның екеуі – ауыр халде.

Оларға 69 жастағы Париж тұрғыны оқ атты, ол шабуылдан кейін көп ұзамай ұсталды. Ұсталған кезде ол полицейлерге қарсылық көрсетпеген. Шабуылдың негізгі себебі – нәсілдік жеккөрушілік . Қаскөй жақында түрмеден шықты, ол өткен жылы босқындар орталығына шабуыл жасағаны үшін ұсталған. Ол өзін «шетелдіктерді жек көретін нәсілшіл» деп атады.

Шабуылда қаза тапқан әйел күрд әйелдер құқығын қорғау қозғалысының белсенді қатысушыларының бірі болды, тағы біреуі Францияда саяси баспана алған суретші еді.

Атыстан кейін көп ұзамай күрд орталығы аймағында күрд қауымдастығының наразылықтары басталып, полициямен қақтығыстарға ұласты. Наразылық білдірушілер қоқыс жәшіктері мен мейрамхана үстелдерін лақтырды. Бірнеше көлік өртенді. Наразылық білдірушілер полицияға тастар мен басқа заттарды лақтырады. Мұны тоқтату үшін тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шашуға мәжбүр болды.

Сенбіде, 24 желтоқсан күні Париждің орталығындағы Республика алаңында үш күрдтің өліміне ашуланған Франциядағы күрдтер қауымдастығының жүздеген өкілдері жиналды.

Бұған дейін Франциядағы күрд демократиялық орталығы шабуылды айыптап, Франция «өз халқын, яғни күрдтерді қорғай алмады» деп мәлімдеді.

Ел президенті Twitter-де мәлімдеме жасап, күрд халқына көңіл айтты.