бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 6 28.12.2022 17:58

Қытайда 200 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

Фото: egemen.kz

Қытайда тұман салдарынан 200 көлік соғысып, жол апаты болды. Оған 11 өрт сөндіру көлігі мен 66 құтқару қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың орталық Хэнань провинциясы Чжэнчжоу қаласында қою тұман салдарынан 200-ден астам көлік соқтығысты, бір адам қаза тапты.

Оқиға сәрсенбі күні таңғы сағат 7:40-та (Астана уақыты бойынша 5:40) екі жақты көлік көпірінде болған. Жол нашар көрінгендіктен, көптеген көлік бір-біріне соқтығысқан.

Құтқарушылардың бірі апатқа 200-ден астам көлік қатысқанын айтты.