бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 9 28.12.2022 21:34

Қазақстан мен БАӘ арасындағы билеттер құны арзандайды

Фото: artfile.ru

Мереке күндері Қазақстан мен Біріккен араб әмірліктері арасындағы әуе қатынасының құны төмендейді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық билік органдарымен бірлесе отырып, мерекелер мен демалыстар кезеңінде әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында әуе билеттерінің санын көбейту туралы шешім қабылдады» делінген хабарламада.

2022 жылдың 29 желтоқсаны мен 2023 жылдың 14 қаңтары аралығында Fly Dubai Астана-Дубай және Алматы-Дубай бағыттарында қосымша 10 рейс жасауды жоспарлап отыр. В-737 типті ұшақтар арқылы ұшады.