сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 9 30.12.2022 10:20

Атақты футболшы Пеле қайтыс болды

Фото: dzen.ru

Футбол тарихында аты аңызға айналған атақты футболшы Пеле қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Бұған дейін Пелеге жалпы денесі ісінген деген диагноз қойылды. Жүрегі де қалыпты жұмыс істемеген. Содан қария өзін-өзі күте алмаған еді. Соңғы айларда Пеле химиотерапиядан өтті, бірақ оның нәтижесі оң болмады.

2021 жылдың қыркүйегінде Пелеге тоқ ішек ісігі диагнозы қойылды. Сонымен қатар жамбас ауыстыру операциясынан кейін денсаулығына байланысты,әсіресе, бүйрек пен простата проблемалары болған-ды.

82 жаста қайтыс болған футбол патшасы - ойыншы ретінде 3 мәрте әлем чемпионы атанған жалғыз ала доп шебері.