сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 04.01.2023 16:44

Атырау облысында жол апаты болып, 2 адам көз жұмды

Фото: naryntany.kz

Атырау облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Олардың бірі – 37 жастағы жолаушы, екіншісі – бір жастағы бала. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Доссор – Бейнеу тасжолының 147-шақырымында  ВАЗ Priora мен Toyota Alphard көлігі соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ Priora көлігінде болған 1985 жылғы және 2021 жылы туған жолаушы оқиға орнында мерт болды», – деді олар.

Ал полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.