сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 05.01.2023 16:55

McDonald's Қазақстанға оралмауы мүмкін

Фото: kartinkin.net

McDonald's жылдам тамақтану желісі Қазақстан нарығын кетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды teznews.kz  Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

McDonald's компаниясы жергілікті франчайзингіге етті ресейлік жеткізушілерден сатып алуға тыйым салған.

Сондықтан жылдам тамақтану желісі 6 жылдан кейін Қазақстан аумағынан кетуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар франшиза иесі Қайрат Боранбаевтың қамауға алынуы да McDonald's желісінің жағдайын қиындата түскен. 

"Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы Боранбаев Қазақстанда жылдам тамақтану мейрамханаларының желісін 2016 жылы ашқан. Бұдан бөлек McDonald's-тің Беларусьтегі франшизасына да иелік етеді. Бірақ ол ет жеткізудегі мәселелерге байланысты былтыр лицензиясынан айрылған", – деп жазды Bloomberg.